Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

«Soile AI» – науқастарға арналған көмекші құрал

«Soile AI» – дұрыс сөйлей алмайтын, сөйлеуінде бұзылысы бар жандарға көмектесетін жасанды интеллект негізінде жасалған әлеуметтік платформа. Тілдегі ақауды танитын көмекші сөйлемді мәтінге және аудио нұсқасына айналдырады.
«Soile AI» мүмкіндіктері же­делхат боты, веб-интерфейс, мобильді қосымша және смарт сағат интеграциясынан тұрады. Сондай-ақ тәулік бойы жұмыс істейтін AI көмекшісі бар.

С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина уни­верситеті эндаумент қоры­ның ұйымдастыруымен өт­кен «ANaMed» форумында «Soile AI» платформасының ерекшелігімен таныстырып, команда мүшелері арнайы бағдармаларды түзу логопед, дәрігерлердің көмегімен іске асқанын айтады.

Форумда қазылар алқа­сы­ның назарына ұсынылған 40-тан астам жобаның ішін­де оқушылар ұсынған бір­ден-бір жоба – «Soile AI». Уни­вер­ситет ректоры Марат Шорановтың айтуынша,­ фо­румға келіп түскен жоба­лар­дың қай-қайсысы да әле­уеті зор әрі қоғамға аса қа­жет. Олардың қатарында сту­дент­терге арналған веб-тренажер-зертхана, нашар көретін жандарға ар­нал­ған арнайы құрылғы, диа­бетті анықтауға көмек­те­сетін ұлтарақ, ортодонттар мен пластикалық хи­рург­­тарға арналған бет-әл­пет, тағы да басқа әзір­ле­мелер бар. Оқушылар ғы­лы­ми зерттеулердің түр­лі ке­зеңдерінен өтіп, универ­си­тет­тің технопаркінде нағыз ғалым ретінде жұмыс істейтін болады.

«Soile AI» жобасының авторы әрі жетекшісі, Алматы облысы Қарабұлақ ауылындағы №22 мектептің оқушысы Үкілі Омарованың айтуынша, платформа дауысты дұрыс танып, сөйлемді түсінуге мүмкіндік береді. Ол жай ғана техноло­гия емес, қолжетімді, инклю­зив­ті құрал. Церебральды сал ауруына, паркинсонға шалдық­қан, құлағы нашар еститін, инсуль­ттан кейін кекеште­ніп сөй­лейтін науқастар үшін қо­лайлы.

Командада бес оқушы бар. Жасанды интеллектіні шебер меңгерген оқушылар өздерінің бағдарламалау, медицинаға икемділігіне, әлеуметтік желіде жұмыс істеу мүмкіндігіне қарай жоба жоғары деңгейде жетілдіруге тырысты. «Бүгін­де әлемде 800 млн-нан астам адам сөйлеу кемістігінен зардап шегеді. ТМД елдерінде бұл көрсеткіш 50 млн-нан асады. Мұның себебі церебральды сал ауруы, инсульт, паркинсон және басқа неврологиялық жағдайлармен байланысты болуы мүмкін. Біз церебральды сал ауруына шалдыққан баланың жағдайында жұмыс істедік. Қазіргі кезде мамандарды қолдау, пилоттық тес­тілеу және медициналық орталықтар, академиялармен әріптестік орнаттық», дейді Үкілі Омарова.

Бүгінде команда елі­мізбен қатар шетелдердегі кон­курс­тардың жеңімпазы. Осы­дан 6 ай шамасында басталған жоба «ITtest 2024 топ-1» стартабында, ТМД-да халықаралық әлеуметтік жобалар конкурсында 1-орын, «Infomatrix Asia 2025» жеңімпазы атанды. Халықаралық жасанды интеллект қауымдастығының «AI-мен денсаулық сақтаудың үздік бастамасына» үміткер, биыл «Central Asia Startup Cup», «MedTech» стартаптарының халықаралық акселерациясы, «Technovation Girls», халықаралық «ANaMed AI Challenge» жеңімпаздары қатарына енді.

Денсаулық сақтау сала­сындағы стартаптардың рес­пуб­ликалық көрмесіне, KIHE 2025 халықаралық көрмесіне қатысқан команда жақында Астанада болып, өз жобаларын «BI Group» компаниясына таныстырды. «BI Group» компаниясы «Binom», «Quantum», жайлы мектептерге енгізу үшін еліміздің түкпір-түкпірінен білім беру саласындағы үз­дік жобаларды іздестірген болатын. Нәтижесінде, ең үз­дік 4 жобаның қатарында аталған «Soile AI» мектептерге енгізілетін болады. Жаз айларында мектептерде, ме­дициналық орталықтарда қа­натқақты жоба ретінде іске аспақшы. Қазіргі таңда жобаға Корея, Жапония, Қытай, АҚШ, Өзбекстан, Ресей тарапы қы­зығушылық танытып отыр.

 «Ғылымды коммерция­ландыру жөніндегі одақ» РҚБ пре­зиденті Құрманғазы Ома­ров атап өткендей, Прези­дент­тің елімізді толығымен цифр­лы мемлекетке айналдыру тапсырмасын іске асыруда облыстық, республикалық конкурстар мен олимпиадаларда жеңіске жеткен сапалы цифрлық жобаларды жасап жатқан мектеп оқушылардың ғылыми әлеуеті жоғары. Бар­лық өңірдегі «Аstana hub» өңір­лік бөлімшелері арқылы оқу­шылардың цифрлық жоба­ларды құруына жүйелі қол­дау көрсету қажет. Бірақ әзір­ге елімізде кәмелетке тол­мағандарды қолдау жү­йесі жеткіліксіз. Мұндай қол­дау болмайынша, оқушы­лар­дың сапалы жобалары кә­сіп­керлердің заңды, қар­жы­лық және әкімшілік мүм­кін­діктерінен тыс қалып қояды. Сон­дықтан одақ тарапынан оқу­шылардың жобаларын іске асыруды жүйелі қолдау бағыты ойластырылып жатыр.

 

АЛМАТЫ 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT