Шыңғыс Мұқанның онлайн курсы өткізілмек

Шыңғыс Мұқанның "Жетістікке жеткізер жол" атты екі айлық онлайн курсы 15 қазан күні басталады.

Бұл онлайн курсы өзін-өзі жетілдіріп, өмірде жетістікке жеткісі келіп жүрген, отбасында немесе достарымен қарым-қатынасы дұрыс болмай жүрген қыз-жігіттерге, сондай-ақ, қоғамда өзіндік із қалдырғысы келіп жүрген оқушылар мен студенттерге арналады. Гарвард университетінде білім алып қайтқан Шыңғыс Мұқан онлайн курсында қалай жетістікке жету керектігі туралы құпиямен бөлісетін болады.

Сондай-ақ, онлайн курсында мақсат қою және сол мақсатқа жету, мотивация, шешім қабылдау, уақытты басқару, командалық жұмыс, бес жылға өмір жоспарын құру сыңды тағы да басқа тақырыптарды кеңінен талқылайтын болады. Екі айлық онлайн курс 16 сабақтан тұрады.

1-ші қазанға дейін онлайн курсқа жазылған адамдар арасында, Шыңғыс Мұқан жалпы құны 1 миллион теңге тұратын «ТұрғынүйҚұрылысЖинақБанкінің» 5 сыйлық сертификатын сыйға бермек.

Онлайн курсқа жазылу үшін толық ақпаратты 8 701 813 67 62 байланыс телефоны арқылы біле аласыз.

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelsizdikke-30-zhyl

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21