Шүкір, Миялы ауылында дүкендер көптеп салынып, күнбе-күн саны өсіп келеді.
Олар азық-түлік, киім, балаларға арналған ойыншықтар, құрылыс дүкендері болып бөлінеді. Бір жаманы ауыл тұрғындарының басым бөлігі күні бойы түрлі мекемелерде қызмет етеді. Олар жұмыс уақытында ешқайда шыға алмайды. Түс кезінде үйге азық-түлік алайын десе, дүкендер дәл халық түскі үзіліске шығатын уақытта жабылып қалады. Сенбі, жексенбі күндері де дәл солай. Әрине, дүкен иелері жеке кәсіпкер болғандықтан жұмыс уақытын өздеріне ыңғайлап қоя алады. Неге түскі үзіліссіз кешке сағат 21:00-ге дейін ашпасқа? Олай жасаса өздеріне де, халыққа да пайда емес пе?! Бұл ретте, аудан кәсіпкерлері осы жағын қаперден шығармай, халыққа қызмет етудің қолайлы жағдайын қарастырса жақсы болар еді деген тілегім бар.
Алтын ОРЫНБАЕВА,
ауыл тұрғыны