Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Дарынды жастар далада қалмайды

Қайбір өнер саласынан немесе спорттық шаралардан ел намысын қорғап көк туды желбірететін жеңімпаз өнерпаздардың басым көпшілігі алақандай ауылдардан шығатыны бәрімізге белгілі.

Алатаудай арманы мен асқақ асуларды бағындыру жолында талмай еңбек етіп жеңіс тұғырынан көріну үшін бақ та, бап та қатар шабуды қажет етеді. Ол үшін материалдық, моральдық және психологиялық көмек аса маңызды. Осы тұрғыда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы алғашқы Жолдауы бәрімізге үкілі үміт сыйлап отыр. Әсіресе дарынды ауыл жастарын іріктеп, отандық және шетелдік оқу орындарына дайындау керектігін басты назарға алды.

Аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды қолдау үшін Үкіметке «Дарынды баланың қабілетін дамытудың» жол картасын әзірлеуді тапсырды. Бұл дегеніміз ауылымыздағы жас түлектерге таптырмас мүмкіндік. Үкімет басшысының өзі тікелей ауыл жастарына қамқорлық танытып жатқаны қандай жақсы?! «Мен халыққа берген уәделерімді міндетті түрде орындаймын» деген сөзі тіптен көңілге сенім ұялатып тұр.

Ендеше, жастар сапалы білім алып, ел мүддесі үшін қызмет етсе керемет емес пе?!

Әсел ТАУШАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521