Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Шешімдерге өзгеріс енгізілді

 Аудан әкімдігінің мәжіліс залында VІІ сайланған аудандық мәслихаттың кезектен тыс 13-сессиясы өтті. Оған аудан әкімі Нұрсұлтан Бисембиев, жауапты бөлім, мекеме басшылары қатысты. Сессияны ашқан аудандық мәслихат хатшысы Альберт Аққайнанов жиналғандарды күн тәртібімен таныстырып, ол депутаттардың бірауыздан қолдауымен бекітілді.

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша сөз алған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Болат Салықов 2015 жылғы 18 қарашадағы №ХХХV-3 «Ауданда тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы баяндады. Бұдан кейін аудандық жер қатынастары, сәлет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Жанар Рамазанқызы «Аудандық жер комиссиясын құру туралы» ұсыныс білдірсе,  аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Құралай Сәлімгереева депуттардан «2022 жылғы Қызылқоға ауданы бойынша денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің сұранысқа ие мамандықтар тізбесін бекіту туралы» қаулысын бекітуді сұрады. Сондай-ақ, «Қызылқоға ауданы учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерін қызметінен босату туралы», «Аудан әкімдігінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы №1 қаулысын бекіту туралы», «Аудан әкімдігінің 2022 жылғы 3 ақпандағы №19 қаулысын бекіту туралы» хабарланды.

Баяндамалар аяқталған соң аудандық мәслихат депутаттары аталмыш шешімдерге өзгеріс енгізуді дауысқа салып, бірауыздан бекітті.

 

Кәмшат ӘБІШ

                           

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT