Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтары 22 наурызда қоғамдық көлікте тегін жүреді.
Бұл туралы Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім етті.
«Атырау қаласының әкімдігі Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай тұрғындар мен қонақтарды қоғамдық көлікте тегін тасымалдау туралы бастама көтерді. Бұл бастамаға жолаушы тасымалдайтын кәсіпорындардың басшылары қолдау білдірді. Әкімдік пен кәсіпорындар арасындағы келісімге сәйкес 22 наурызда Атырау қаласындағы барлық бағытта жолаушы тасымалдайтын қоғамдық көліктерде жолақы тегін болады. Бұл мүмкіндікті жас ерекшелігіне қарамастан барлық жолаушы пайдалана алады», -деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.