Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Өзін-өзі өртеуге отбасылық-тұрмыстық жанжал себеп болған

Кеше, 13 қаңтар күні жедел қызмет байланыс орталығына Мақат ауданы Доссор кентінде 1961 жылы туған Б. есімді азаматтың өз-өзіне қол жұмсауға әрекет жасағаны (өзін-өзі өртеу) туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына шұғыл түрде «жедел жәрдем» бригадасы келіп, жәбірленушіні ауруханаға жеткізді. Оған денесінің 60-70% күйік шалған деген диагноз қойылды, жағдайы ауыр. Барлық қажет медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Суицидтің себебі - отбасылық-тұрмыстық жанжал. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталғаннан кейін қосымша ақпарат беріледі. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (суицидке дейін жеткізу).

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT