Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Зейнетақы қорындағы ақшаны алуға кімге рұқсат беріледі – Сапарбаевтың жауабы

 

Зейнетақы қорындағы ақшаны алған кезде әр адамның жасы мен жинаған сомасы ескеріледі.

Бұл туралы бүгін премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. "Зейнетақы қорындағы ақшаны берген кезде, адамның жасы мен жинаған сомасына қараймыз. Шоттағы ақша өмірінің соңына дейін жете ме, оған да мән беру керек. Сондықтан қазір біз бұл бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Тиісті есептеулер жүргізу керек", - деді ол үкімет кулуарында.

Сапарбаев БЖЗҚ-дағы ақшаның бір бөлігін ғана алуға болатынын атап өтті. Ол ең бірінші кезекте, бюджеттік мекемеде істейтін қызметкерлерге берілуі мүмкін. Айтуынша, үкімет бұл мәселені ұлттық банкпен пысықтайды. Еске сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында үкіметке қазақстандықтарға зейнетақы жинағын пайдалануға беру мәселесін пысықтауды тапсырған еді.

Президент зейнетақы жинағын баспана сатып алуға немесе білімге жұмсауға болатынын айтты.

Дереккөз: sputniknews.kz

Сурет: Ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521