Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Үш кәсіпкер грант иегері атанды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы №968 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің ел халқына арнаған Жолдауларынан туындап отыр.

Бұл бағдарлама мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық дамыту бағдарламасын іске асыру механизмдерінің бірі. Бағдарламаның мақсаты – экономиканың шикізаттық емес секторларындағы өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету. Сонымен қатар бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын құру. Бірыңғай бағдарлама шағын қалаларды және ауылдық елді мекен кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамалары мен экономиканың және өңдеу өнеркәсібінің басым секторларында жұмыс істейтін кәсіпкерлерді салалық қолдау, кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету, кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған қаржылық емес шаралар сынды төрт бағытты қамтиды.

Аталған бағдарламаның екінші бағыты – кәсіпкерлерге немесе индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру. Грант – жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін қайтарымсыз негізде берілетін қаражат. Ал, бұл қаражат кәсіпкерлер үшін кәсіп бастауда немесе оны дамытуда үлкен қолдау болмақ. Грант 2-5 миллион теңге аралығында беріледі. Осы орайда, бағдарламаға сәйкес, ауданда да біраз жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Биылғы жылы мемлекеттік бағдарлама шеңберінде облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының ұйымдастыруымен мемлекеттік грант беру бойынша конкурс өткізілді.

Аталған конкурсқа аудан бойынша 4 кәсіпкер өз жобасын ұсынып, оның үшеуі конкурс қорытындысы бойынша 6 миллион теңге грантқа ие болды. Грант иелері жобаларын іске асырып, аудан халқының тұрмысын түзеп, әл-ауқатын жақсартуда игі істер атқарады деп сенеміз.

Рысгүл ҚАЙЫРҒАЛИ

аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT