Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Сервистік әкімдікте жүзеге асады

Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі бойынша техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы бұйрығына сәйкес бірнеше мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.

Алғашқы қызмет тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру болса, екінші қызмет – аталмыш санаттағы техникаларға тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру. Сондай-ақ, тракторлар мен ауылшаруашылығы техникаларының кепілін мемлекеттік тіркеу мен оларды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу де біздің бөлімде жүзеге асады.

Бұл қызметтер бұрын аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінде көрсетілсе, қазіргі таңда аудан әкімдігі жанынан ашылған сервистік әкімдікте жүзеге асырылуда. Сонымен қатар аталған мемлекеттік қызметтерге «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы да өтініш беруге мүмкіндік бар.

Қазбек АЙЫПҚАЛИЕВ,

аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521