Аудандық сотта Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодексі 73-1-бабының 1-бөлігімен азамат Ж.Т.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сотта анықталғандай, азамат Ж.Т.алкогольді масаң күйде жәбірленуші, өзінің қайын атасы И.М-ны ұрып-соғып, оның денсаулығының қысқа мерзімге бұзылуына әкеп соққан қасақана жеңіл зиян келтірген.
Сот отырысында Ж.Т. масаң күйде болғанның салдарынан қайын атасына қол көтеріп қойғандығын, жасаған әрекетіне өкінетіндігін айтса, жәбірленуші И.М. болған оқиғаны растап, күйеу баласына кешірім бермейтінін жеткізді. Сот қаулысымен, азамат Ж.Т. аталған заң талаптары бойынша кінәлі деп танылып, 3 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.