Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«Атырау-Ақпарат» ұжымы қар күреушілерге тағам таратты(+ВИДЕО)

Бүгін, 18 ақпан күні атыраулық жастар қар тазалаушы жұмысшыларға ыстық тағам мен шәй таратты. Акцияны "Атырау-Ақпарат" медиахолдингі мен Coffee River компаниясы бірлесіп ұйымдастырды.

Атырау қаласы әкімдігінің мәліметінше, бүгін қаладағы қар тазалау жұмыстарына 90-нан аса жұмысшы мен 22 бірлік техника жұмылдырылды.

«Қазіргі таңда Азаттық, Әуезов, Сәтбаев, Абай, Құрманғазы және Владимировский көшелерінде қар тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Түстен кейін қосымша тағы 5 техника шығаруды жоспарлап отырмыз», - дейді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, қайырымдылық шарасы түстен кейін тағы жалғасын табады.

Барша Атырау жастарын іс-шараны ары қарай жалғастыруға шақырамыз!

atpress.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521