Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Сенат депутаты тұрғындарға алғысын білдірді

Сейсенбі күні аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегеновтің аудан тұрғындарымен кездесуі болып өтті.

Еліміздегі карантин режиміне байланысты жиналыс шағын көлемде өткізілді. Оған аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Тұрдағалиев Жәнібек Жауқашұлы, аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, аудандық мәслихат хатшысы, мәслихат депутаттары, ардагерлер мен жастар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Оны жүргізген аудандық мәслихат хатшысы Толқын Бейсқали ең алдымен Сенат депутаты Сәрсенбай Құрманұлына сөз кезегін берді.

«Сенат депутаттарының тұрғындармен кездесудегі негізгі мақсаты – ең алдымен Парламенттің қызметі туралы, қабылданған заңдар жөнінде тұрғындарға ақпараттар мәлімет беру болатын. Сонымен қатар, атқарылған қызметтертер туралы және аудан тұрғындарын не мәселе толғандырады деген сұрақтарды әрі қарай Парламент қабырғасында іске асыру жұмыстану болып табылады. Президент Жарлығына сәйкес 2020 жылдың 12 тамызы күні Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауы болып өтеді. Оның себебі, биыл қазан айында осы өңірден сайланған 17 сенат депутатының өкілеттік мерзімі аяқталады. Сол 17 Сенат депутаттың ішінде Атырау облысынан сайланған мен де бармын. Осы 12 жыл ішінде, сіздермен жұмыс жасап, сенім білдіргендеріңіз мен үлкен мерей» - деп аудан тұрғындарына алғысын білдірді.

Одан соң, өз кезегінде мінбеге көтерілген аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Карин, ауданның Құрметті азаматы, мемлекеттік қызмет ардагері Жәния Ізбасқан, аудандық мәслихат депутаты Айбар Алтыбаевтар Сәрсенбай Құрманұлына аудан тұрғындары атынан алғыстарын білдірсе, қорытынды сөз алған аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Жәнібек Тұрдағалиев ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегеновке арнайы алғыс хат табыс етті.

Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT