Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Самұрық-Қазына» қорының компаниялары атынан Құлсары қаласына 7 млрд теңге қаражат бөлінді

7 млрд теңге А«тырау облысында су тасқынынан ең көп зардап шеккен Құлсары қаласының инфрақұрылымын қалпына келтіру мақсатында бірыңғай қайырымдылық операторы «Samruk-Kazyna Trust» арқылы «Атырау» әлеуметтік дамыту корпоративтік қорына аударылды.

Бұл игі іс «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ қолдауымен жүзеге асырылып отыр. Жалпы осыған дейін «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялары тобы елімізде орын алған су тасқынына қарсы күреске 15 млрд теңге бөлген болатын.

Сонымен бірге портфельдік компаниялар өңірлерде азаматтарды тасымалдауды ұйымдастырып, арнайы техника бөліп, гуманитарлық көмек көрсетті. Бүгінде Қордың бірыңғай қайырымдылық операторы «Samruk-Kazyna Trust» қорына еншілес кәсіпорындардың серіктестерінен су тасқыны салдарын жоюға қаражат түсу жалғасуда. Олардың ішінде мұнай-газ секторындағы румындық «Rompetrol», ірі атом компаниялары «Cameco» және «CGN» және «Marubeni» жапондық сауда компаниясы бар. Қаражат өңірлердегі инфрақұрылымды қалпына келтіруге бағытталатын болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT