Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Еліміздің кинотеатрларында жаңа Конституцияны қолдауға арналған бейнероликтер көрсетілді

Еліміздің барлық өңірлеріндегі кинотеатрларда Қазақстан Республикасының Конституциясын қолдауға арналған арнайы бейнероликтерді көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Бейнероликтер киносеанстардың басында көрсетіліп, көрермендердің кең аудиториясына, жастардан бастап, аға буын өкілдеріне дейін арналған.

Бейнероликтердің көрсетілімі азаматтарға Ата заңның басты қағидаттары мен құндылықтарын түсіндіруге бағытталған ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында жүзеге асырылып жатыр.

Бейнероликтер көрнекі бейнелер арқылы конституциялық нормаларға саналы көзқарастың маңыздылығын және олардың әрбір азаматтың күнделікті өміріндегі рөлін айқындайды.

Бұл бастама халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және Конституцияға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Кинотеатрлардағы бейнероликтердің көрсетілімі құқықтық күн тәртібін қалыптасқан мәдени ортаға енгізуге мүмкіндік береді. Кинотеатр инфрақұрылымын құқықтық ақпараттандыру алаңы ретінде пайдалану халықты кеңінен қамту мен белсенді қатысу деңгейін қамтамасыз етеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT