Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті 

Миялы округінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің кезекті жәрмеңкесі ұйымдастырылып, тұрғындарға сапалы әрі табиғи өнімдер қолжетімді бағамен ұсынылды.

Жәрмеңкеге округ аумағындағы шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлер қатысып, өз өнімдерін саудаға шығарды. Тұрғындар әсіресе ет және сүт өнімдеріне үлкен қызығушылық танытты. Сөрелерде жаңа сойылған жылқы еті, ұлттық тағамдардың бірі – қазы, сондай-ақ табиғи шұбат ұсынылды.

 Өнім бағалары төмендегідей болды:

• Жылқы еті – 2 500 теңге • Жылқы қазысы – 4 000 теңге • Шұбат – 1 200 теңге

Мұндай жәрмеңке Миялы округінде әр апта сайын тұрақты түрде өткізіліп келеді. 

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT