Конституциялық реформалар билік пен қоғам арасындағы қатынасты жаңа деңгейге көтереді. Азаматтардың мүддесі ескеріліп, шешім қабылдау процесінде халықтың рөлі күшейеді.
Сонымен бірге, заңнаманың үйлесімділігі мен тұрақтылығы қамтамасыз етіледі, бұл мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттырады. Жаңа Конституция жобасы тек құқықтық аспектілерді ғана қамтып қоймай, әлеуметтік әділеттілікті нығайтуға, азаматтардың күнделікті өміріне оң әсер етуге де бағытталған. Әрбір азамат өз құқығын қорғай алатынына сенімді болады, ал билік пен халық арасындағы қарым-қатынас айқын, ашық және әділ болады.
Аман ІЗБАНҰЛЫ,
еңбек ардагері




