Өңірлік коалиция мүшелері білім беру саласының қызметкерлерімен кездесіп, алдағы республикалық референдумға қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Жиында елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиғаның мәні айтылып, Конституция жобасының негізгі бағыттары таныстырылды. Кездесу барысында ұстаздар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, жан-жақты жауап алды. Коалиция өкілдерінің айтуынша, Конституция – мемлекеттің құқықтық негізі ғана емес, сонымен қатар елдің тарихи таңдауы мен құндылықтарын, болашақ даму бағытын айқындайтын маңызды құжат.




