Жаңа Конституция жобасы арқылы азаматтар өз пікірін ашық білдіруге және шешім қабылдау процесіне белсенді қатысуға мүмкіндік алады.
Бұл – қоғам мен билік арасындағы диалогты нығайтуға, мемлекеттік басқаруды тиімді етуге және халық сенімін арттыруға бағытталған маңызды қадам. Заң үстемдігі, құқықтық мемлекет принциптері және азаматтардың құқықтары – жобаның басты басымдықтары болып отыр. Қорыта айтқанда, бұл жоба еліміздің болашағына стратегиялық бағыт беріп, қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді нығайтып, елдің демократиялық дамуы жолында қызмет ете береді деп сенемін.
Толқын БАҚТЫГЕРЕЕВА,
аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі




