Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

БЖЗҚ-да "Ашық есік күні"

"БЖЗҚ" АҚ ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 11 маусымында  Ашық есік күнін"өткізеді.

Күннің басты тақырыбы - "Цифрлық БЖЗҚ. Қордың электрондық қызметтеріндегі жаңашылдықтар".
БЖЗҚ-ның электрондық қызметтерін қалай дұрыс пайдалануға болады? Ол үшін не қажет? 2024 жылы қандай жаңалықтар қолжетімді болды? Осы және өзге де сұрақтарға аталмыш іс-шара барысында Қор мамандары жауап береді.
Естеріңізге сала кетейік, "Ашық есік күні " іс-шарасы онлайн-форматта 11 маусымы күні сағат 10-00 да өтеді.
Іс-шараға қатысу үшін сілтеме https://enpf.webex.com/weblink/register/rc64fb6b8dd3d26bfa92a54bbf7d00d9e бойынша өту қажет. Содан кейін event-кеңестің нөмірін 2523 109 5165 және event-кеңестің паролін 12345 енгізіңіз.
"БЖЗҚ" АҚ "Ашық есік күнінде" өз салымшыларын (алушыларын) және барлық ниет білдірушілерді күтеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521