Жаңа Конституция жобасы – елдің даму логикасынан туындаған, қоғамның бүгінгі сұранысына, теңдік пен ашықтыққа негізделген маңызды саяси-құқықтық реформа.
Ол Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық құжаты ретінде ел тұрақтылығын нығайтып, мемлекеттің бағыт-бағдарын айқындайды. Құжаттағы заң үстемдігін күшейту, шешім қабылдаудың ашықтығын арттыру және қоғамдық бақылауды дамытуға қатысты нормалар билік пен халық арасындағы сенімді бекіте түседі. Әсіресе, әр азаматтың пікірін ескеру, жауапкершілікті бөлісу және әділеттілік қағидатын орнықтыру – қоғамдағы тұрақтылықтың басты шарты. Бұл өзгерістер тек саяси жүйені жаңарту емес, басқару мәдениетін өзгертуге ықпал етеді. Аталмыш құжат елдегі саяси реформалардың логикалық жалғасы ретінде елдің болашақ дамуына кепілдік беретін басты заңнамалық база болмақ.
Әйгерім КЕҢЕСОВА,
Сағыз ауылдық округі әкімінің орынбасары




