Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Салық кодексінде қандай өзгеріс бар?

Қызылқоға ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында «Тыңдаушы мемлекет» концепциясы аясында «Салықтар-2020» тақырыбында заңдағы жаңа өзгерістер жайлы халыққа түсінік жұмыстарын жүргізді.

Онда мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Бекзат Сүйінов микро және шағын бизнес компанияларын үш жыл мерзімге салық төлеуден босату, патент алу, бірыңғай жер салығы, жергілікті салықтар, кассалық бақылау машиналарын қолдану, Салық кодексінің 48-бабындағы талап қоюдың ескіру мерзімдері бағытында заңға енгізілген жаңа өзгерістерді түсіндірді. Сондай-ақ, жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау, жер салығы және тағы да басқа тұрғындардың қойған сұрақтарына заң аясында жауап берді.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT