Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Тұрғындардың «бас ауруына» айналып отырған қандай мәселе?

Жамбыл ауылдық округінен соң, аудан басшысы бастаған топ түстен кейін Қызылқоға ауылдық округіндегі Қарабау орта мектебінің акт залында ауыл тұрғындарымен кездесіп, округ әкімі Қанат Қайруллиннің былтырғы жылы жасалған есебі тыңдалды.

 

1

Онда да, көптеген жұмыстар жасалған. Жасалуы тиіс те жұмыстар жетерлік. Әйтсе де, «Айта, айта Алтайды, Жамал апам қартайды» дегендей мәдениет үйінің салынбауы, тұрғын үй, учаскелік амбулотория құрылыстарының бітпей, тұралап қалуы ауыл тұрғындарының «бас ауруына» айналып отыр. Бұл Қызылқоға ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Тауманның көтерген негізгі мәселесі болды. Сондай-ақ, ол Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында, ауылдан соғысқа аттанған азаматтардың есімдері қашап жазылған ескерткіш тақта орнатылса деген тілегін білдірді. Ал, Қарабау орта мектебінің мұғалімі Әлібек Ишақов былтырғы жылы күрделі жөндеуден өткен мектептің кабинеттерін жарақтандыру керектігін, жиһаздары ескі екендігін, оны жаңарту қолға алынса, ескі бастауыш мектепті бұзып, қайтадан салып, оның ішіне акт зал салуды да ұмытпаса деген пікірін білдірді.

1

 

- Ауыл әкімінің есебінде біраз жұмыстар атқарылған. Заман талабы күннен-күнге күшейіп келеді. Соған сай, жұмыс жасау міндет. Медициналық пункт салуға қаржы бөлінді. Бірақ, мердігерлердің жауапсыздығынан жұмысы тоқтап тұр. Мәдениет үйін салу үшін жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталуда. Бұл жұмыстар біткен бойда облыс басшылығынан құрылыс жұмыстарын бастау үшін қаржы сұрайтын боламыз. Себебі, ауданның бюджеті мәдениет үйін салуға көтермейді. Тұрғын үй, есерткіш орнату мәселесі де шешімін табады,- деген аудан басшысы аудандық білім бөлімінің басшысы Амангелді Бағдаровтан мектеп мәселесінің шешілу жолдарын сұрады.

Ол шешілу жұмыстары қарастырылып жатқандығын айтты. Сондай-ақ, Шапиғолла Қоныспаев еңбек адамдарына ауданның Құрметті азаматы атағын беру мәселесін көтерсе, аудан басшысы елге еңбегі сіңген адамдарды ұлығылау дұрыс екендігін жеткізді.

Бауыржан СИСЕНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT