banner_damu

Сайлау учаскеңізді қалай білуге болады?

2021 жылдың 10 қаңтарында елімізде ҚР Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттарын сайлау өтетіні белгілі. Осы орайда дауыс беру құқығы бар көптеген азамат өзінің сайлау учаскесінің қайда екенін білмей жататыны да бар. Ал оны анықтау жолы өте қарапайым. Еліміздің барлық өңірлерінде сайлаушылардың тізімін әзірлеуге жауапты жергілікті әкімдіктер ресми сайттарына арнайы баннер орналастырып, Call-орталықтар, Telegram-боттар жасақтап қойған. Сол ресурстарға кіру арқылы кез келген азамат өзінің тұрғылықты жері бойынша сайлау учаскесін анықтай алады. Ал уақытша тұрып жатқан азаматтар 10 желтоқсанға дейінгі жергілікті әкімдіктерге барып, дауыс беру үшін тіркеуден өтуі қажет. Атырау облысында сайлау учаскесін анықтауға арналған сайт жұмыс істейді. Мұнан бөлек, кезекті сайлау науқаны кезеңінде Атырау қаласы және аудандар әкімдіктері жанынан Call-орталықтар ұйымдастырылған. Дүйсенбі-жұма күндері сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс істейтін орталыққа хабарласу арқылы сайлау учаскесінің мекенжайын анықтап, тізімде бар-жоғыңызды біле аласыз. Telegram әлеуметтік желісінде @SailauAtyrauBot бот қызметі де іске қосылған. Атырау қаласы мен өңірге кіретін аудандардың Call-орталықтарының телефон нөмірлері мынылар: Атырау 8(7122)320233; 205375 Жылыой ауданы 8(71237)51554 Индер ауданы 8(71234)20880 Исатай ауданы 8(71231)20684 Құрманғазы ауданы 8(71233)20920 Қызылқоға ауданы 8(71238)21195 Мақат ауданы 8(71239)32341 Махамбет ауданы 8(71236)21242 inform.kz

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және 
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018
жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ZERO.kz

 

Яндекс.Метрика