Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Сағызда жаңа әкім

Жақында «Арман» мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 5 тармағына сәйкес, Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сағыз ауылдық округі әкімін сайлады.

Аталмыш округ әкіміне үміткер есебінде аудандық аумақтық сайлау комиссиясына екі адам тіркелді. Сайлау жұмысы басталмастан бұрын сөз сөйлеген аудандық мәслихат хатшысы Толқын Бейсқали: – Ауылдық округ әкімдерін сайлау аудандық мәслихат депутаттарына үлкен жауапкершілікті жүктейтіні мәлім. Сондықтан депутаттардың Мемлекет басшысының саясатын қолдап, округ халқының әлеуетін арттыру бағытында ізденіспен еңбек ететін үміткерді таңдауда қателеспейтініне сенемін, - деді. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Жолдас Ибрашев сайлау ережесімен таныстырған соң сайлауға қатысқан аудандық мәслихат депутаттары екі үміткердің ішінен әкімдікке лайықтысын таңдады.

Нәтижесінде, сайлауға қатысқан депутаттардың барлығы да бұған дейін Сағыз ауылдық округі әкімінің орынбасары лауазымын атқарып келген үміткер Нұралы Әбишанға сенім білдіріп, аталмыш округ әкімі лауазымына лайық деп таныды. Енді ел басқару бағытында тәжірибесі мол жаңа әкім қызметіне кіріскен соң өзінің функционалды міндеттерді мүлтіксіз атқарып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды орындаумен қатар округ халқының әлеуетін арттыру, ауылды көркейту жолында қалтқысыз еңбек ететін болады.

Бауыржан САҚТАСИНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521