Атырауда республикалық "Учаске" профилактикалық іс-шаралар жалғасуда.
Осы орайда, Қызылқоға ауданының полиция қызметкерлері аталмыш шара барысында шалғай жатқан қыстақтарды аралауда.
Тайсойған ауылдық округіне қарасты Ойтаң алқабында орналасқан «Рамазан» шаруа қожалығына тиесілі қыстағынан, 34-жастағы қожалық иесі үйінде ешқандай құжаттары жоқ, ішкі істер органдарына тіркелмеген, 16 мм калибрлі, бір ұңғылы азаматтық қаруды заңсыз сақтап келген. Қару тәркіленіп, алынып, сараптама тағайындалды.