Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Сұраныс жоғары...

Мал шаруашылығы біздің әулет үшін атадан балаға мұра болып келе жатқан кәсіп. 2006 жылы құрылған шаруа қожалықтың қазіргі таңда жұмысы жүйелі.

Қожалықта екі мыңға жуық қой, үш жүзден аса сиыр, 230 жылқы, жүз елуге жуық түйе бар. Қазіргі таңда шаруашылық басындағылар түйе сауып, бие байлап өнімін алып отыр. Әрине, дәл қазір шұбат, қымыз сату маусымының қызған шағы. Тапсырыс берушілер, емге алушылар тарапынан сұраныс көбейіп тұр. Ертемен келіп саумал ішетін ауыл тұрғындарының да саны артты. Біздің міндет тұтынушы сұранысын қанағаттандыру. Ауыл да сұраныстың жоғары болуынан болар бәсекелестік бар. Айталық, бізден бөлек төрт-бес адам шұбат, қымыз сатып отыр.

Бие сүтінің қасиеті – оның табиғаттағы ешбір сүтке ұқсамайтындығында. Ол қайнатуға келмейді. Ал, басқа сүтті міндетті түрде қайнатамыз. Бие сүті қайнатсаңыз бұзылып, ал, шикілей сақтасаңыз тұрған сайын маңызы арта түседі. Дертіне дауа іздеген жандар көбіне нақ осы ұлттық сусынды іздейді. Әрине, бұл қуанарлық жайт. Ұлттық сусынымыздың адам денсаулығына пайдасы шаш-етектен. Ата кәсіптен ажырамай, арнасын ашып, қолда бар мүмкіндіктерді пайдаланып отырмыз.

Құрманбек ЖАҢАБАЕВ,

«Құрман» шаруа қожалығының төрағасы

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT