Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қайсыбір сусыныңнан артық

Негізінен, ұлттық сусындарды кеңінен насихаттап, барды баянды ету өзіміз үшін керек. Ішімдік ішетіндерге қарағанда ұлттық сусын сататындар көбейсе құба-құп. Қымыз бен шұбат түрлі ауруларға ем. Қымыздың қасиетін қазақтан артық білер ешкім жоқ. Рас, бойды да, ойды да сергітетін ұлттық сусындарға деген құрметіміз қашанда ерекше.

Бүгінде қымыз бен шұбаттың адам денсаулығы үшін қаншалықты пайдалы екенін дәлелдейтін ғылыми жұмыстар да жетерлік. Қымыз, қымыран, шұбаттың пайдасы орасан. Олар мың бір дертке пайдалы. Әсіресе, бұл сусындар өкпе, құрт ауруларына таптырмас ем. Сондай-ақ, олар имунитетті жоғарлатып, құрамы күрделі, әсері мол дәрілердің тез сіңуін қамтамасыз етеді. Мен өзім ұзақ жыл түйе сауып, шұбат дайындадым. Ауыл тұрғындарынан сұраныс көп түсетін. Шұбатты дайындаудың да өзіндік ерекшелігі бар.

Баппен дайындауды қажет етеді. Күбіге құйылып, ұйытылған шұбаттың дәмі қайсыбір сусыныңнан артық. Сол себептен де, ұлттық сусындардың қашанда қадірін білуіміз қажет. Түптеп келгенде мұның бәрі ұлт денсаулығы үшін, жастар тәрбиесі үшін қажетті дүние. Жастарымыз арақ-шарапқа құмар болмай, ұлттық сусынымызға бет бұрғаны қажет. Сонда ғана, түрлі аурулардың алдын алып, салауатты ұрпақ тәрбиелейтін едік.

 

Дариға САПАРОВА, зейнеткер

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT