Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Ақыл-кеңестің, үлгі-өнегенің сарқылмас кенішіндей...

Баршаңызды 1 қазан – Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Адамзат үшін бұл күннің рухани-тәрбиелік маңызы зор. Себебі, бұл мереке – адамгершілік пен ізгіліктің, ұрпақтар сабақтастығы мен адами асыл қасиеттердің, сыйластық пен ішкі сұлулықтың мерекесі. Біз — ақсақалын ардақтаған, салт-жорасын салмақтаған жасампаз жұрттың ұрпағымыз. Қазақ халқы қашаннан қартын қадірлеген, қартын қазынасы деп түсінген, қартынан қарсы адым алдына шықпаған. Ата-бабаларымыздың осынау игі дәстүрі бүгінгі ұрпақ пен қоғам санасында жарасымды жалғасын тауып келеді. Қартын қастерлеп, шынайы қамқорлау еліміз өз Тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін жарқын сипат алды. Қазірде еліміздегі жасы егде тартқан барлық азаматтарға мемлекет тарапынан толықтай қамқорлық туғызылған. Рухани қасиеттерді берік ұстанып, қастерлеп сақтаудың үлгісін көрсетуші, айрықша адам — рудың жасы үлкен ақылман ақсақалы болған. Себебі ол тірі тарихқа айналған данышпан ұстаз саналатын. Көшпелілер қоғамынан бері ақсақалдар билігі әлеуметтік ұйым институттарының бірі болып табылады.

Сіздер, мәртебелі болашағымыз бен мерейлі өткеніміздің арасындағы өзара рухани байланыстың дәстүрлі дәнекер тетігі ретінде қызмет атқарып жүрсіздер! Бүгінде, облысымыздың қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, ауданымыздағы мәдени-көпшілік, әдеби-танымдық іс-шараларға тұрақты түрде қатысып келесіздер! Сондықтан да, бүгінгі күнгі барлық құрмет, шынайы тілек пен ақ ниет Сіздерге арналмақ. Қашанда қуаттарыңыз қайтпай, халықтың ортасынан табыла бергейсіздер. Сіздерге дендеріңіз сау болып, әулеттеріңіз бен жерлестеріңіздің арасында қуаныш пен шаттыққа бөленіп, ұзақ өмір сүрулеріңізге шын жүректен тілектеспін.

Құрметпен:

Нұрсұлтан БИСЕМБИЕВ,

аудан әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521