Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Мұғалім - қоғамның үлкен капиталы

Құрметті ұстаздар, білім беру саласының қызметкерлері және ардагер ұстаздар!

Сіздерді терең білім мен қажырлы еңбекті, тынымсыз ізденіс пен жоғары жауапкершілікті талап ететін, тұлғалық болмысынан кәсібилік пен құзыреттіліктің, биік адамгершілік қасиеттердің лебі есіп тұратын Ұстаздар қауымының төл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Келешегінен күттірері мол, экономикасы мен әлеуметтік даму қарқыны болашаққа риясыз бет алған еліміздің білім көкжиегін өркендету, білім көрсеткішін көтеру жолындағы табыстарыңыз, жас ұрпаққа сапалы білім берудегі нәтижелі еңбектеріңіз үшін алғыс білдіремін! Мектептегі оқу-тәрбие процесін оңтайландыруда аудан ұстаздарының еңбегі ерен. Мұғалім — болашаққа жұмыс жасап отырған маман ғана емес, сонымен қатар қоғамның үлкен капиталы. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев биылғы халыққа Жолдауында:

«Күнделікті мәселелерді шешумен қатар, балалардың бәріне бірдей мүмкіндік туғызу үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет. Балаларымыз қай жерде тұрса да, қандай тілде оқыса да сапалы білім алуы керек» деп атап көрсетті. Сонымен қатар, Жолдауда келесі жылдың қаңтар айынан бастап, мұғалімдердің еңбекақысын 25 пайызға көбейту жөнінде шешім қабылданып, жалақы мөлшері алдағы уақытта да арта беретіндігі айтылды. Алайда, бүгінгі дүниежүзіндегі пандемия ахуалы, осыған орай салада болып жатқан үлкен өзгерістер ұстаздар қауымының алдына жаңа талаптар қойып отыр. Биыл елімізде алғаш рет жаңа оқу жылы жаңа бағытта, яғни қашықтан оқыту форматында басталды. Бұл – қауіпті эпидемияның алдын алу мақсатында қабылданған мәжбүрлі уақытша шара. Әрине, мектепте оқуға мүмкіндік алып отырған оқушылар да бар. Білім мен ғылымның, тәлім мен тәрбиенің таразысын тең ұстап, инновациялық экономиканың басты қозғаушы күші – адами капиталды дамыту арқылы креативті тұлға тәрбиелеу, рухани-адамгершілік қасиеттерді ұштау бағытындағы жаңашылдықтырыңыз бен іскерліктеріңіз, біліктіліктеріңіз бен табандылықтарыңыз, әлемдік стандарттарға сай білім сапасын арттырудағы жетістіктеріңіз қандай құрмет болса да лайық! Бәсекеге қабілетті білімді ұрпақ тәрбиелеуде өзіндік қолтаңбасын қалыптастырған Сіздердей ұлағатты ұстазға зор денсаулық, отбасы амандығын, шәкірт жүрегіне ізгілік нұрын құйып, санасын сәулелендірудегі қажырлы қызметтеріңізге толағай табыс, шығармашылық ізденістер мен тың идеялар тілеймін!

Құрметпен,

Нұрсұлтан Бисембиев,

аудан әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521