Ұлттық тасымалдаушы Республика күніне орай қосымша пойыздар тағайындайды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Бұл туралы ҚТЖ баспасөз қызметі мәлімдеді.
- №630/629 пойызы «Ақтөбе-Шалқар» бағыты бойынша 2024 жылғы 22 қазаннан бастап күнара қатынайды;
- №204 пойызы «Астана-Шымкент» бағыты бойынша 2024 жылғы 21 қазаннан бастап күнделікті қатынайды;
- №216 пойызы «Шымкент-Алматы» бағыты бойынша 2024 жылғы 22 қазаннан бастап күнделікті қатынайды;
- №201 пойызы «Алматы-Астана» бағыты бойынша 2024 жылғы 23 қазаннан бастап күнделікті қатынайды.
Сонымен қатар, қала маңындағы бағыттар бойынша 2024 жылғы 25 және 27 қазанда «Қарағанды-Астана» бағытындағы электр пойызының бағыты Бурабай курорты станциясына дейін ұзартылады. №7553/6811/6812/7556 «Қарағанды-Астана-Бурабай курорты» электрпойызының бағыты:
- Астанадан сағат 10:40-та жөнелтіледі, Бурабайға сағат 13:15-те келеді;
- Бурабайдан сағат 14:10-да кері жөнелтіледі, Астанаға сағат 17:00-де келеді
Сонымен қатар, 2024 жылғы 25, 26 және 27 қазанда «Ерейментау-Астана-Көкшетау» бағытындағы №6831/6829/6830/6832 электр пойызының құрамына қосымша вагондар қосылады.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ