Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Пәтер кезегіне қатысты мәселелер – банк құзыретінде

Биыл Атырауда осал топтағы 600-ден астам отбасы баспаналы болады. Оның ішінде жүзге тарта пәтер облыс орталығынан, қалғаны аудандардан беру жоспарланған. Ал, апатты көпқабатты үйлер мәселесін шешу үшін облыс әкімдігі жол картасын бектіткен. Сондай-ақ, енді «Отбасы банкі» ұлттық даму институты болып саналады. Яғни, пәтер кезегіне қатысты мәселелер аталған банк құзіретіне беріледі. 

Баршамызға белгілі, былтыр мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғын үй саясатын реформалауға қатысты заңға өзгеріс пен толықтырулар енгізген болатын. Осынау заңнама аясында кезекке тұру, мониторингілеу жұмыстары «Отбасы банкіне» тапсырылған еді. Бұған дейін қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі атқарып келген функция енді 6 айдың ішінде банкке беріледі. Бүгінде осы шаралар қолға алынды. Біз инновациялық технологияларды қолдану арқылы тапсырманы жүзеге асырудамыз. Жаңа заң шеңберінде 5 жыл бойы басында үйі болмаған кез-келген тұрғын баспана кезегіне тұра алады. Әрине, мемлекеттік қолдау бағдарламалары арқылы жеңілдікпен пәтер берілген кезде ең алдымен Ұлы Отан соғысы және оған теңестірілген ардагерлерге, жетім балалар, көпбалалы отбасы, мүмкіндігі шектеулі жандар секілді әлеуметтік осал топқа бірінші кезекте қарастырылатын болады. Содан кейін кезектегі басқа азаматтарға беріледі.   

Тағы бір атап өтер жайт, «Отбасы банкі» ұлттық даму институтының негізгі міндеті – ел бойынша азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін тұрғын үй қатынастарын дамыту. Осылайша, тұрғын үйді есепке алу, орналастыру және бөлу орталықтандырылады. «Отбасы банкі» негізінде Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы құрылады, оған қандай да бір санатқа жататынына қарамастан, баспанаға мұқтаж барлық азаматтар кіреді. Орталық мемлекеттік деректер базасымен біріктірілген бірыңғай ақпараттық база болады. Орталықты құру тіркеу процесін жеңілдетеді. «Баспанаға мұқтаж» мәртебесін растау үшін бірнеше органға хабарласудың, содан кейін кезекке тұрып, несие алу үшін банкке барудың қажеті жоқ болады.                                                                              

Мемлекеттік қолдаудың жаңа моделі бойынша тұрғын үйді бөлу тіркеуге тұру мерзімі мен табыс деңгейіне қарай жүзеге асырылады. Тұрғын үйге мұқтаж кез келген ҚР азаматы қандай да бір санатқа жататынына қарамастан тұрғын үй алуға тіркеле алады.

Нұржан МҰҒАЛІМОВ, 

«Отбасы банкі» Атырау облыстық филиалының директоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT