Атырауда психотропты дәрілік зат сатқан шетелдік әйел ұсталды.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, Өзбекстан Республикасының 22 жастағы азаматшасы психотропты дәрілік зат сатумен айналысып келген.
«Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора – 2021» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде Жұмыскер шағын ауданына есірткіге ұқсас зат жасырып кеткен өзбекстандық 22 жастағы әйелді анықтады. Кейін шетелдік әйел ұсталды. Күдіктінің жасырғаны «Альфа-PVP» психотропты дәрілік заты екені белгілі болды. Шетелдік әйел оны «Телеграмм» желісі арқылы сатып алғанын мойындады» -дейді облыстық полиция департаментінің басшысы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.
Қазір ұсталған күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процессуалдық Кодексінің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.