Атырау облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты УГ-157/9 мекемесінің бастығы Думан Тәженовтің айтуынша, бұл дерек 30 тамызда тіркелген.
«Шамамен таңертеңгі 08:30-да түзеу мекемесінің ауласына белгісіз ер адам скотчпен оралған 11 түйіншекті лақтырып, көлікке мініп кеткен. Түйіншектерлен 9 смартфон, 8 адаптер, 1 sim-карта, 2 флэш-карта батарейка секілді аксесуарлар тәркіленді. Осындай тыйым салынған заттарды түзеу мекемесінің алуасына лақтырып кеткен ер адам «Сергек» бейнебақылау камераларының көмегімен анықталды. Патрулдік полиция қызметкерлері ұстаған күдікті Қызылқоға ауданында тұратын 1997 жылғы азамат болып шықты» -деп хабарлады Думан Тәженов.
Қазір күдіктіге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 481-бабымен хаттама толтырылып, сотқа жолданды.