Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырауда айыппұлын төлемей жүрген 26 жүргізуші ұсталды

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, айыппұлын төлемеген жүргізушілердің дені Ресей Федерациясында тіркелген көлікпен жүрген. «Көлік жүргізушілері жылдамдықты асыру, жол белгісі талаптарын орындамау, бағдаршамның тиым салынған түсінен өту қағидаларын бұзған.

Олардың тарапынан болған жолда жүру ережесін бұзу дерегі «Сергек» камераларындағы бейнежазбамен дәлелденді. Патрульдік полиция қызметкерлері 24 тамызда «Береке» шағын ауданында 43 жастағы жүргізуші басқарған «Reno Duster» көлігін тоқтатқан.

Тексеру кезінде көліктің Ресей Федерациясында тіркелгені, ал, жүргізушінің 100 мың теңгеден астам 14 әкімшілік айыппұлын төлемей жүргені анықталды. Жүргізушіден ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 785-бабына сәйкес айыппұлдар толық көлемде өндірілді» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT