Қызылқоға аудандық сотында ӘҚБтК-нің 667-бабының 1-бөлігімен азамат Т.Р-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сотта анықталғандай, құқық бұзушы Т.Р.Сағыз ауылындағы көше бойында, алкогольдік масаң күйде, полиция қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде қойған заңды талаптарын орындамай, қарсылық көрсеткен.
Сот отырысында Т.Р. құқық бұзушылық жасағанын мойындап, әрекетіне өкінетінін,ішімдік ішкеннің салдарынан осындай іс-әрекетке барғанын айтып өзіне қатысты жеңілірек жаза қолдануды сұрады.
Сот қаулысымен, құқық бұзушы Т.Р. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 667-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 40838 теңге әкімшілік айыппұл салынды.
Қызылқоға аудандық сотының
баспасөз қызметі