Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Медиация отбасы татулығын сақтап қалды

Қызылқоға аудандық сотында ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен азамат Н.Н.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, азамат Н.Н.. алкогольді масаң күйде,  зайыбы Г.Т.-ға былапыт сөйлеп, отбасы тыныштығын бұзып, қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерiнсіз отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамға сыйламаушылық білдірген.     

Сотта құқық бұзушы өз кінәсін мойындап, мастықпен зайыбына былапыт сөйлеп, отбасы тыныштығын бұзғанын, қазіргі таңда өзара медиатордың қатысуымен татуласқандарын айтып, істі тоқтатуды сұрады.   

Жәбірленуші Г.Т. күйеуіне кешірім беріп, өзара медиация тәртібінде татуласуларына байланысты оған қатысты әкімшілік істі тоқтатып, жауаптылықтан босатуды сұрады. Сот қаулысымен, азамат Н.Н.–ға қатысты әкімшілік іс,  тараптардың медиация тәртібінде татуласуына байланысты тоқтатылып, ол әкімшілік жауаптылықтан босатылды.    

Қызылқоға аудандық сотының баспасөз қызметі

Сурет: ашық дереккөзден  

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521