Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ПАРТИЯЛАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ ЖОҒАРЫ

Қашанда халықтың мұң-мұқтажын билікке жеткізіп, қоғамның рухани, саяси дамуы жолында саяси партиялардың атқарар қызметі зор.

Осы орайда, елімізде ресми түрде алты саяси партия тіркелсе, ауданда «Nur Otan», «Қазақстанның комунистік», «Ауыл» сынды үш партияның филиалы жұмыс жасайды. Бұл орайда, партиялардың халықтың әл-ауқатын көтеру жолында ауқымды жұмыстар жасап келеді. Мәселен, таяуда «Nur Otan» партиясының құрылған күніне орай аудандық мәслихат депутаттары мен фракция мүшелері «Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында қайырымдылық акциясын өткізді. Акция барысында «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Альберт Аққайнанов бастаған топ Миялы ауылдық округінде тұратын тұрмысы төмен алты отбасыға азық-түлік таратты.

Ал, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы былтырғы жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында айтылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында поэзия, проза, драма бағыттарында шығармашылық конкурс өткізіп, жылдың аяғында конкурс жеңімпаздары мен жүлдегелерінің шығармалары енгізілген «Алтын тұғыр» кітабын жарыққа шығарды. Партияның аудандық филиалының төрағасы Қазбек Айыпқалиев болса, баспадан жаңа басылған кітапты аудандық орталық кітапханаға табыс етіп, кітап қорының молаюына өз септігін тигізді.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521