Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

МАС ЖҮРГІЗУШЛЕРГЕ ЖАЗА ҚАТАҢ

Аудандық сотта, Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Заңына енгізілген жаңашылдықтарды талқылау және «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқару жөніндегі істерді қараудағы кейбір мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.

Оған аудан прокуратурасының прокуроры М.Нұршарипова, жергілікті полиция қызметінің бастығы А.Құлбаев, әкімшілік полиция бөлімшесінің басшысы Қ.Дүйсембаев, дәрігер-нарколог Ж.Бертлеуов және ауылдық округтердің фельдшерлері, патрульдік полиция тобының аға инспекторлары, учаскелік инспекторлар қатынасты. Алдымен сөз алған сот төрағасы А.Досмағамбетова өткізіліп шараның мәні мен маңызына тоқталды. Оның айтуынша, биылғы жылдан бастап әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске елеулі өзгерстер енгізілді. Яғни, жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқару жөніндегі 608-бабында, бұрын тек 3 жылға көлік құралын басқару құқығынан айыру болса, биылғы жылдан бастап көлікті масаң күйде басқарғандардың жазасы қатаңдатылып, енді 15 тәулікке қамаққа алына отырып, 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі жаза көзделген. Сондықтан осы санаттағы әкімшілік істерді толық, әрі заң талаптарына сай дұрыс рәсімдеудің маңызы зор.

Өйткені, бұған дейін осындай істерді қарау барысында масаң күйде көлік құралын басқарған жүргізушілерді дәрігерлік сараптамадан өткізу кезінде, кейбір медициналық куәландыру қорытындысының тиісті қағида талаптарына сай толтырылмайтын жағдайлар орын алған. Бұл жөнінде сот төрағасы істен алынған нақты мысалдарды слайд түрінде көрсетіп, мұндай кемшіліктерді алдағы уақытта болдырмау қажет екендігін егжей-тегжейлі түсіндірді. Шара барысында, судья А.Байназаров, дәрігер-нарколог Ж.Бертлеуов және жергілікті полиция қызметінің бастығы А.Құлбаевтар сөз сөйлеп, тақырып бойынша туындайтын кейбір өзекті мәселелерді өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, қойылған сауалдарға жауап берді. Дөңгелек үстелді қорытындылаған сот төрағасы А.Досмағамбетова «Ең басты мәселе – азаматтардың құқықтарының бұзылмауын баста назарда ұстау қажет. Әрбір жауапты тұлғалардың заңға сәйкес қызмет етуінің маңыздылығы жоғары» деген пікір білдіріп, шараға қатысушыларға сот ұжымы атынан ризашылығын жеткізді.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521