Абат Рашқалиев төрағалық ететін №148 сайлау учаскесінде де дауыс беру қарқынды басталды.
Алдымен 111 сайлаушы тұратын Бүйрек, Қосқұлақ елді мекені мен тоғыз қыстаққа дауыс салу жәшігі мен көлік жіберілді. Бірінші болып 70 жастағы зейнеткер Бердіғали Мұқанбетов сайлау бюллетенін белгілеп, жәшікке салды. Түске дейін сайлау учаскесінде есепте тұрған 1087 сайлаушының 500-ге жуығы дауыс берді. Наурыз айында 80 жасқа толатын ауыл тұрғыны Наурыз Шүкірғалиев отбасымен келіп, өз таңдауын жасады.
– Дауыс беру құқығына ие болғаннан бері ешқандай сайлау науқанынан қалып көрген жоқпын. Мүмкіндігімше отбасыммен ерте келуге тырысамын. Егерде ұрпақ болашағын ойлайтын жан сайлауға қатысып, өз таңдауын жасауы тиіс,- дейді ауыл жанашыры Наурыз Шүкірғалиев.
Сайлау науқаны барлық санитарлық талаптарға сай өткізілуде. Алдымен медбике қызуларын өлшеп, медициналық бетперделері жоқ сайлаушыларға бетперде ұсынады. Содан соң ара қашықтықты сақтай отырып, сайлаушылар дауыс беру процесіне өтеді.
Бауыржан Бердіғалиев