Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қос ардагердің батасын алды

Өткен аптаның бейсенбісі күні аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Нұркен Нұғманов тыл ардагері Ұлжан Темірболатова мен құқық қорғау саласының ардагері Зинеден Омаровтың шаңырағында болып, Отан қорғаушылар және Жеңіс күні мерекелерімен құттықтады.

Ұжым атынан құттықтау тілегін жеткізген бөлім бастығы Нұркен Нұғманов екі ардагерге деннің саулығын, шаңырақ бақытын, немере-шөберелерінің қызығын көруді тілеп, сый-сияпатын ұсынды. Ал, өз кезегінде Ұлжан Темірболатова соғыс жылдарындағы тартқан тауқыметі жайлы толғана сыр шертіп, тыл еңбегінің ауыр жүгін арқаласа да ұрпағының бүгінгі бақытты сәті үшін еш өкінбейтіндігін, кезіндегі тылда еңбек еткен жандардың есімдері мәңгі жадымызда жаңғырып тұратындығын тілге тиек етсе, Зинеден Омаров Отан алдындағы қасиетті борышты, Отанын, жерін қорғау кезіндегі әкелердің, ата-бабалардың батырлығы жайлы сөз қозғады. Қос ардагер де еліміздің қатар келген айтулы қос мерекесімен құттықтай келген аудандық полиция бөлімінің бастығы мен ұжымына алғыстарын айтып, баталарын берді.

Бауыржан БЕРДІҒАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521