Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Карантиндегі өмір нені ұқтырды?

Биылғы жыл әлем үшін «тосын сыймен» басталды. Олай дейтін себебіміз қаңтар айында Қытай елінен бастау алған короновирус дерті көп ұзамай күллі әлемді әбігерге салып, жер шарының 191 мемлекетін карантин жариялауға мәжбүр етті.

Сарапшылардың пікірінше, бұл екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемде қалыптасып отырған күрделі жағдай. Тіпті бұл дерттің алдында әлемнің көшбасшысы саналатын АҚШ пен Еуропадағы маңғаз ел Италияның өзі дәрменсіз болып қалып отыр. Тәжтажалдан сақтану мақсатында біздің елімізде де 16 наурыздан бастап төтенше жағдай жарияланып, қауіпсіздік шаралары қолға алынды.

Тұрғындарға үйден шығуға тыйым салынып, мектептер, оқу орындары мен көптеген жұмыс орындары онлайн режимге көшті. Жиын-тойларға шектеу қойылып, мейрамханалар мен бірқатар кәсіпкерлік нысандар жұмысын уақытша тоқтатты.

Ал, жақында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде 11 мамырдан бастап төтенше жағдай алынатындығын, алайда, кей өңірлерде карантин әлі де болса сақталатынын жеткізді.

Дегенмен дәл қазір жұртшылықты алаңдатып отырған бұл емес. Көпшіліктің көкейінде «Карантин ашылып, қалыпты өмірге көшкенде еліміз үшін жаңа кезең орнай ма, даму бағытымыз қандай болмақ, құндылықтар өзгере ме?» деген сансыз сауалдар жетерлік.

Дулат Ғұбайдуллин

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521