22 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Онда мына мәселелер қаралады:
– 20 қарашаға тағайындалған президенттің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту
– Шет мемлекеттер, халықаралық ұйымдар байқаушыларының, шетелдік БАҚ өкілдерінің қызметін ұйымдастыру
– 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауына дайындық кезеңінде сайлау комиссияларының мүшелерін және сайлау процесінің басқа да қатысушыларын оқыту.
Шара 22 қыркүйек сағат 11-ге белгіленген.