Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырау тұрғындары IPO бағдарламасына қатысу мүмкіндіктерімен танысты

«Самұрық-Қазына» қорының, «ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ, «Қазпошта» АҚ өкілдері 21-22 қыркүйекте «Ембімұнайгаз» АҚ, «Теңізшевройл» ЖШС, Атырау мұнай өңдеу зауыты, NCOC сияқты кәсіпорындардың жұмыскерлері мен Атырау қаласының тұрғындарынаIPO бағдарламасына қатысу мүмкіндіктерін таныстырды. Қазақстандық брокерлік-дилерлік ұйымдар мен AIX және KASE қор биржаларының өкілдері де іс-шараның спикерлері болды.

Сарапшылар кездесуге қатысушыларды «Самұрық-Қазына» қорының жекешелендіру бағдарламасының және портфельдік компанияларыIPO-сының іске асырылу барысымен, оның ішінде бірінші IPO кандидаты - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниясы туралы негізгі ақпаратпен таныстырды. Ұйымдастырушылар кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

«Самұрық-Қазына» АҚ өкілдері IPO ұлттық компанияларды жекешелендірудің ең ашық тәсілдерінің бірі болып табылатынын атап өтті. Бұл ретте, компаниялардың акцияларының бақылау пакеттері олар қор нарығына шыққаннан кейін «Самұрық-Қазына» қоры арқылы мемлекет меншігінде қалады.

«Сонымен қатар, институционалдық және жеке инвесторлардың (ҚР азаматтары) акцияларды сатып алуының инвестициялық тәуекелі бар екенін түсіну қажет, өйткені макроэкономикалық, геосаяси және басқа да көптеген сыртқы факторлар компаниялар акцияларының бағасына, сондай-ақ оның дивидендтер төлеу қабілетіне теріс әсер етуі мүмкін», - деп атап өтті Қордың Экономика және жоспарлау департаментінің директоры Мират Өтепов.

Брокерлік ұйымдар тарапынан спикерлер әлеуетті инвесторларға алаяқтық қаупі туралы ескертті және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, KASE Қазақстан қор биржасының және Astana International Exchange (AIX) биржасының сайттарында брокерлік лицензиясының болуын тексеруді ұсынды.

Осылайша, кездесуге қатысушылар инвестициялаудың баламалы тәсілі ретінде IPO тетіктері жайында білді. 2022 жылғы 16-30 қыркүйек аралығында еліміздің 60-тан астам қаласында тұрғындармен, компания қызметкерлерімен және өндірістік объектілердің жұмысшыларымен ақпараттық-түсіндіру кездесулері өтетінін естеріңізге сала кетейік.

IPO және Қордың жекешелендіру бағдарламасы туралы ipo.sk.kz мамандандырылған интернет-ресурсынан толығырақ білуге болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT