Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«Бекіре-2022» іс-шарасы аясында балық аулау ережесін бұзған 74 факті тіркелді

Атырау облысы аумағында ағымдағы жылдың 10 қыркүйек пен 31 қазан аралығында «Бекіре-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасының күзгі кезеңі өткізілуде.

Аталған іс-шарада жергілікті полиция, тергеу, криминалдық басқармаларымен және балық қорына қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімдері жұмыс жасауда. Іс-шараны өткізу барысында заң бұзушылықтар анықталып, заңды шешімдерді уақытылы қабылдау бақылауға алынды.

Іс-шараның 10 күнімен заңсыз балық қорының айналымымен байланысты 77 құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 74 факті балық аулау ережелерін бұзумен, 3 заңсыз балық және балық өнімдерін тасымалдау және әкету фактілерімен анықталып отыр.

77 құқық бұзушы ұсталып, олардан 199 кг балық, оның ішінде 74 балық аулау тәркіленді.

Әкімшілік түрде Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 383 бабымен (Балық аулау қағидаларын бұзу) жауапкершілікке - 74 адам тартылды, оның ішінде 1 тұлғаға қатысты жинақталған құжат сотқа жолданды.

Сонымен қатар, Атырау облыстық Жайық-Каспий облыс аралық балық шаруашылығы инспекциясына заңсыз қара балықты және оның өнімдерін тасымалдау және әкету бойынша 3 құжат жолданып, олардан 4 адам (ҚР ӘҚБтК-нің 389 бабымен Жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз иемдену, өткізу, алып өту, әкелу, әкету, сақтау (ұстау) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Бекіре-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасының күзгі кезеңі жалғасуда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT