Ақтөбе қорғаныс екпе ағаштар дистанциясының Сағыз бөлімшесі Сағыз стансасынан бастап Атырау стансасына дейінгі аралықты қамтиды.
Ұзындығы 264 шақырым. Бөлімшенің негізгі қызметі – теміржол бойын жағалай отырғызылған жасыл желекті жандандыру. Күнделікті жұмыс барысында егілген орманды күтіп баптау, орман аралығын жырту жұмыстары жасалады. Егілген ағаштарды өрттен қорғау мақсатында орман арасын тазалау (құлаған, сынған ағаштарды шығару және де өзге қоқыстардан тазарту) жүргізіледі. Жол бойында тұратын тұрғындар теміржол бойындағы екпе ағаштарды отынға кеспей, мал жаймай, өрт қауіпсіздік ережелерін сақтап, жасыл желекті тілсіз жаудан қорғау керек.
Орман – ортақ байлығымыз. Оны сақтау әр тұрғынның міндеті деп білеміз. Жаз мезгілі басталысымен тұрғындар табиғат аясында демалып, уақыттарын өткізеді. Бірақ, қоқыстарды сол жерге шашып кетеді. Одан өрт шығуы ықтимал. Сондықтан, табиғат тазалығы мен қауіпсіздігін естен шығармаған дұрыс. Жаз айларында өрт шығу қаупі жоғары болатынын ұмытпайық, ағайын!
А.ЕГЕНИСОВ,
Ақтөбе қорғаныс екпе ағаштар дистанциясы
Сағыз бөлімшесінің бастығы
Сурет: ашық дереккөзден