Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ҚОЙМАНЫҢ ҚАБЫРҒАСЫН ҚҰЛАТЫП ЖИЫРМА ТӘУЛІККЕ ҚАМАЛДЫ

Аудандық сотта, Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодексінің 608-бабы, 3-бөлігімен азамат К.М.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, азамат К.М. автокөлігін алкогольдік масаң күйде басқарып, Мұқыр ауылында орналасқан қоймаға соқтығысып қабырғасын бүлдірген. Сот отырысында, К.М. кінәсін мойындап, алкогольдік өнім тұтынып, масаң күйде көлікті басқарып келе жатып, қойманың қабырғасын көрмей қалып түйіп құлатқанын, оны қайтадан қалпына келтіргенін айтып, кешірім сұрады.

Сот қаулысымен К.М. жоғарыда айтқан заң талаптарысен кінәлі деп танылып, 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521