Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«ҒАЖАЙЫП ӨНЕР – ТЕАТР»

«Самал» мәдениет үйінде «Ғажайып өнер – театр» атты балалар театрының фестивалі өтті.

Оған Жаңашаруа орта мектебі жанынан құрылған «Жас дарын», «Болашақ», «Жас талант», «Тамшылар», «Шуақ», «Жас қыран» балалар театрлары қатысты. Халықаралық театр күні қарсаңында ұйымдастырылған шараның мақсаты – жергілікті тума талант, «Мәдениет саласының үздігі», бірнеше республикалық театр фестивальдарының лауреаты, Көздіғара ауылдық округінде халық театрының ірге тасын қалаушы Алмас-Болат Қарабалиннің еңбегін насихаттап, жас жеткіншектердің театр өнеріне деген қызығушылығын арттыру, балалардың шығармашылық деңгейін көтеріп, қолдау, балалар мен ересектер арасындағы шығармашылық байланысты дамыту, театр ұжымдарымен шығармашылық байланыс орнату және нығайту. Шарада алдымен мәдениет үйі дәлізінде А.Қарабалиннің сомдаған рөлдерінен жасақталған фотоколлаждар, жасаған жұмыстары жөнінде документтері көрсетіліп, келушілерге таныстырылды.

Айта кетсек, Алмас-Болат Қарабалиннің жетекшілігімен 1992 жылы құрылған драма ұжымы дүбірлі додаларда талай жетістікке жетіп, аудан абыройын асқақтатты. «Халық театры» атағын иемденді. Театрдың негізін қалаушы Алмас-Болат Қарабалин «Мәдениет саласының үздігі» атағын иемденіп, аймақтық, республикалық сайыстарда лауреат атанды. Фестивальге қатысушылар монолог оқу, импровизация, үй тапсырмасы жанрлары бойынша сынға түсті.

Нәтижесінде, «Болашақ» балалар театрының мүшесі Диляра Дастанқызы «Үздік монолог» номинациясын иеленсе, жас қырандық Ильяс Нұрбергенұлы «Үздік импровизация» номинациясымен марапатталды. Сондай-ақ, «Жас талант» балалар театры «Жоғары деңгейдегі қойылым мәдениеті», мүшелері А.Маханбетова «Ең үздік актриса», Нұрдәулет Аманкелді «Ең үздік актер» атанып, «Ең үздік театр қойылымы» атағын «Жас дарын» өнерпаздары иеленсе, «Үздік ұйымшыл ұжым» атағы «Тамшылар» балалар театрына, «Үздік жаңашыл ойлар» атағы «Шуақ» балалар театрына берілді. Шара соңында ауыл тұрғындары А.Қарабалинның еңбегі, өнері туралы естеліктерін айтып, жақсы тілектерін білдірсе, Алмас-Болаттың ұлы Есет Махмут жас өнерпаздарды мадақтап, мәдениет үйі директоры Марина Ерекенова Алмас-Болат Қарабалин атындағы арнайы сыйлықты үздік өнер көрсеткен Б.Үсенқызы мен Н.Қайырғалиға табыстады.

Бауыржан САҚТАСИНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521