Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қылмыстық іс татуласумен тоқтады

Аудандық сотта жекеше айыптаудағы Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 130-бабының 1-бөлігінде көзделген жала жабу және 131-бабының 1-бөлігіндегі қорлау баптарымен айыпталудағы екі қылмыстық іс қаралды.

Аталған екі қылмыстық іс бойынша, жәбірленушілер сотталушылармен медиация тәртібінде татуласуларына байланысты айыптаудан бас тартатындықтарын мәлімдеп, оларға қатысты қылмыстық істі тоқтатуды сұраған. Ал сотталушылар жәбірленушілерден кешірім сұрағандарын, өзара медициялық тәртіппен тауласқандарын айтып, өздеріне қатысты істі тоқтатуға өтініш білдірген.

Сот қаулысымен екі қылмыстық іс бойынша іс жүргізулер тараптардың медиация тәртібімен татуласуларына және жекеше айыптаушылардың айыптан бас тартуларына байланысты тоқтатылды.

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521