Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Облыс əкімінің грантына кімдер ие болды?

Кеше, 24 тамыз күні Атырау облысы әкімдігі жанындағы Білім беру грантын беру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы өтті. Оның шешімімен жаңа оқу жылында атыраулық 78 түлек облыс әкімінің гранты бойынша тегін білім алады, деп хабарлайды Атырау облыстық білім беру басқармасының баспасөз-қызметі.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың төрағалығымен өткен отырыста облыс әкімі грантына өтініш берген үміткерлер тізімі қаралды.

Бақытгүл Хаменованың айтуынша, білім беру гранттары жергілікті жердегі кадрлардың тапшылығын шешу мақсатында облыстық бюджет есебінен білім, денсаулық, ауыл шаруашылығы және басқа да маңызды салалар бойынша бөлініп отыр. Биыл конкурсқа қатысуға 132 талапкер өтініш берген. Әкім грантын иеленген түлектердің дені – болашақ мұғалімдер мен дәрігерлер.

Атап айтқанда, облыс әкімінің грантын жеңіп алған 78 түлектің 27-сі М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университетіне түссе, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде білім алуға 3 жас грант ұтып алды. Бұдан бөлек, 4 түлек М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде, 6 түлек «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде, 1 түлек Жәңгірхан атындағы Батыс Қазақсан аграрлық-техникалық университетінде, 1 жас Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында білім алатын болады. Ал, 36 жас Атырау Мемлекеттік университетіне оқуға түсті. Айта кетейік, грант иегерлерінің тізімін төмендегі сілтеме бойынша өтіп көруге болады.

http://atyrau.gov.kz/news/read/Spisok_obladatelej_mestnogo_obrazovatelnogo_granta_akima_Atyrauskoj_oblasti_v_20202021_uchebnom_godu.html

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT